2024 жылдың 8 сәуір күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК Түркістан облысы Түркістан қаласы «Әзрет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Жұма мешіті ғимаратында «Ботай-Ұлы дала мәдениеті» атты республикалық көшпелі көрменің ашылу салтанатын өткізді.
Көрмеде Ботай мәдениетінің бірегей жәдігері трепанация іздері бар адам бас сүйегі, жылқы сүйектері, жылқы сүйектерінен жасалған тұрмыста қолданылған құралдар, соның ішінде пышақ, найза-сүңгі, ине, сондай ақ тастан жасалған бұрғы, балта, дисктер,балға және қыш ыдыстың фрагменттері, ботайлықтардың тұрғын үйінің макеті орналасты.
Көрме 2 мамырға дейін жалғасады.
ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "БОТАЙ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК 2024 жылғы 2 сәуірде Кемал Ақышев –ғалым, патриот, ағартушының 100-жылдығына және белгілі геолог-ғалым, академик, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған онлайн форматта ZOOM -платформасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-үлкен ғалымдардың жадын сақтау, оның ғылыми және қоғамдық еңбегі туралы естеліктер, олар бастаған істерді жалғастыру, нәтижелерімен таныстыру.
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Аталмыш іс-шараға Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана және Петропавл қаласындағы филиалдарының басшылары, ҚР музей-қорықтарының ғылыми қызметкерлері қатысты.
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Айыртау ауданында туған жазушы, ақын, журналист Есенгелді Сүйінов келіп, Ботай музей-қорығының экспозициялық залымен танысты.
Экскурсия барысында жазушы ағамыз ерте кезден жеткен құнды жәдігерлер жайлы мәлеметтерімен танысып, музей қызметкерлерімен емін-еркін түрде пікір алмасты. Өз тарапынан қаламгер ағамыз музей-қорық ұжымына ризашылық білдірді.
> >
«Ұлттық киім – ұлт ажары»
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы ұлттық киімдерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында «ұлттық киім-ұлт ажары» челленджің қолдайды.
Басты мақсат- ұлттық киімді насихаттау, ата-бабамыздың тарихы мен дәстүрін өскелең ұрпаққа жеткізіп, ұлттық құндылықтарды нығайту.