2024 жылдың 13 желтоқсан күні «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері 16-Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай СҚО,Уалиханов ауданы, Кішкенекөл ауылының №2 Кішкенекөл орта мектебінде "Ботай музей-қорығының және Тәуелсіз Қазақстанның мәдени-тарихи жетістіктері" тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге жоғарғы сынып оқушылары, мұғалімдер және ғылыми қызметкерлер қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасында жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін басты және маңызды мереке болып табылатыны туралы айтылды
Дөңгелек үстелдің мақсаты білім алушыларды Қазақстанның тәуелсіздік үшін күресімен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарымен таныстыру.
Іс-шарада желтоқсан айындағы оқиғалар мен Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы жол ашқан өз өмірін қиған жастар туралы баяндайтын көрме ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында «Тәуелсіздік белестері»; «Тәуелсіздік –азаттықтың асыл кепілі»; «Рухани жаңғыру жолында – Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды.
Өткізілген дөңгелек үстел білім алушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың, саяси сана мен танымдық белсенділікті арттырудың, белсенді азаматтық ұстанымы бар рухани-адамгершілік азаматты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті.