foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Үздік экскурсовод - 2026» республикалық байқауының қорытындысы

«Үздік экскурсовод – 2026» республикалық байқауының қорытындысы

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби мамандар бас қосқан «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе облыстарынан және Теміртау қаласынан қатысушылар келіп, өз өңірлерінің тарихын терең біліммен, ерекше шеберлікпен таныстырды.

Нәтижелер:
Гран-при – Кульжабаева Арайлым Жандосовна
Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі
(мемлекеттік тілде экскурсия жүргізуші, Қарағанды облысы)

1-орын – Хасанова Регина Данильевна
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі
(экскурсовод)
2-орын – Амангелді Әсемгүл Асқарқызы
Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі
3-орын – Гамов Юрий Васильевич
Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі
(орыс тілінде экскурсия жүргізуші)

Номинациялар:

«Туристік маршрут бойынша үздік экскурсовод» –
Қиықбай Қуат Қазезұлы
Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов музейі
(Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімі)
«Экскурсиялық істі дамытуға қосқан үлесі үшін» –
Баубеков Ахатбек Абдирасилұлы
Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы
(гид-экскурсовод)

Қазылар алқасы:
Байқауға әділ баға берген қазылар алқасының құрамында:
Сабина Каримовна Амирова – Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры

Меруерт Қиясбекқызы – Ә. Марғұлан атындағы Археология институты Солтүстік Қазақстан филиалының директоры
Әли Оралович Тұрысов – СҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директоры
Юлия Викторовна Кузьменко – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті аға оқытушысы
Арсен Максимович Трунов – СҚО туризмді дамыту және лицензиялау бөлімінің бас маманы
Бұл байқау – тек шеберлік жарысы ғана емес, рухани мұраны дәріптеу алаңы болды. Әрбір қатысушы өз өңірінің тарихын жүрекпен жеткізіп, экскурсиялық істің дамуына үлес қосты.
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Тарихты сөйлеткен мамандарға алғысымыз шексіз!

 

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"