foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Музей туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші мемлекеттік қорғауға алынды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №150 қаулысымен құрылған. 2018 жылғы 13 тамызда мемлекеттік тіркеуден өтті. Музей-қорықтың директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы.

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК негізгі қызметі - осы археологиялық ескерткішті танымал ету мақсатында ғылыми-зерттеу, жинақтау, экспозициялық-көрмелік және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Ботай археологиялық ескерткішін 1980 жылы Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі В.Ф. Зайберт ашты және оның басшылығымен 40 жыл бойы осы бірегей нысанда археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

"Ботай қонысы" археологиялық ескерткіші Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Казань ауылдық округы, Никольское ауылынан оңтүстік-шығыс жағынан 1,5 шақырым жерде, Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан солтүстік-батыс жағынан 400 шақырым, Петропавл қаласынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Ботай мәдениеті әлемдік археологиялық ғылымда кеңінен танымал. Археологиялық ескерткіштің аумағында 15 мың шаршы метрден астам жер ашылды, 158 тұрғын үй зерттелді, 200 мыңнан астам артефактілер және ондаған мың көне жануарлардың сүйектері анықталды, олардың 99,9% - ы жылқыға тиесілі.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"