foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Бос орындар

Бос орын: Ғылыми хатшы

Талаптар:

жоғары білім (тарих, археология, музейтану немесе сабақтас бағыттар), сауатты жазбаша тіл, ғылыми және ұйымдастырушылық құжаттармен жұмыс істей білу, компьютерді меңгеру.

Міндеттері:

музей қызметін ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, құжаттама мен есептерді дайындау, ғылыми және көрме жобаларына қатысу.

Еңбек шарттары:

ресми жұмысқа орналастыру, жалақы — әңгімелесу нәтижесі бойынша.

Байланыс:

түйіндемені музейдің электрондық поштасына «Ғылыми хатшы» белгісімен жолдау.

 

***

 

Бос орын: бухгалтер-кассир

Негізгі міндеттері:

Қолма-қол ақша операцияларын жүргізу;

Алғашқы бухгалтерлік құжаттарды дайындау және рәсімдеу;

Түсім мен шығын есебін жүргізу;

Касса операциялары бойынша есептілік дайындау;

1С, Excel және басқа бухгалтерлік бағдарламалармен жұмыс істеу.

Үміткерге қойылатын талаптар:

Орта арнаулы немесе жоғары экономикалық/бухгалтерлік білім;

ҚР бухгалтерлік есеп және кассалық операциялар саласындағы заңнамасын білу;

ДК және бухгалтерлік бағдарламаларда сенімді жұмыс істей алу;

Жауапкершілік, ұқыптылық, мұқияттылық.

Еңбек шарттары:

ресми жұмысқа орналастыру, жалақы — әңгімелесу нәтижесі бойынша.

 

***

 

Бос орын: экономист

Негізгі міндеттері:

Мекеменің жылдық, тоқсандық және перспективалық бюджетін қалыптастыру және талдау;

Қаржылық-экономикалық есептеулер мен негіздемелер дайындау;

Бюджеттің орындалуын және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау;

Қаржы-шаруашылық қызметін талдау;

Уәкілетті органдарға есептілік дайындау;

Мекеменің даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу (қажет болған жағдайда).

Талаптар:

Жоғары экономикалық немесе қаржылық білім;

Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

ҚР бюджет заңнамасын білу;

ДК-ны сенімді пайдалану (MS Excel, 1С және т.б.);

Жауапкершілік, ұқыптылық, аналитикалық ойлау қабілеті.

 

***

 

Бос орын-экскурсия жүргізуші

Міндеттері:

Әртүрлі келушілер санатына арналған шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізу;

Экскурсиялық бағдарламаларды әзірлеу және дайындауға қатысу;

Келушілерге экспозициялар мен музей-қорық нысандары бойынша ақпарат беру;

Мәдени-көпшілік және ағартушылық іс-шараларға қатысу;

Экскурсия өткізу барысында музей экспонаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

Белгіленген есептілікті жүргізу.

Талаптар:

Жоғары немесе арнаулы орта білім (тарих, мәдениеттану, туризм, филология немесе сабақтас мамандықтар);

Сауатты ауызша сөйлеу қабілеті;

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу (шет тілдерін білу құпталады);

Қарым-қатынасқа бейімділік, жауапкершілік, әдептілік;

Мәдениет немесе туризм саласындағы жұмыс тәжірибесі құпталады.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"