2024 жылдың 6 желтоқсан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ZOOM электрондық платформасы арқылы археология профессоры, ғалым, тарих ғылымдарының докторы В.Ф. Зайбертті еске алуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Виктор Федорович Зайберт - бүкіл өмірін археологияға арнаған көрнекті ғалым. Оның көп жылғы еңбегі мен қажырлы зерттеулерінің арқасында әлем Атбасар және Ботай мәдениеттерінің бай мұрасы туралы білді. В. Зайберт әлемді ботай мәдениетімен таныстырды. Дәл осы аумақта жылқының қолға үйретілгені дәлелденді. Ол бүкіл өмірін археологияға арнады.
Ботай мәдениеті-бүкіл әлемге ат-көлік дәуірін бастаған дала өркениетінің матрицасы, В.Ф.Зайберт 40 жылдан астам уақыт бойы отандық және шетелдік әріптестермен Ботай мәдениетін зерттеумен айналысқан.
Дөңгелек үстел барысында В.Ф. Зайберт туралы оның оқушыларынан, әріптестерінен, еңбек жолындағы достары өз естеліктермен бөлісіп, В.Ф. Зайберттің ғалым, профессор, оқытушы, зерттеуші ретіндегі ғылым әлеміндегі рөлі мен маңыздылығын жоғары атап өтілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның тарихи ғылымына, мәдениетіне, археологиясына және тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне үлес қосып жүрген ғалымдар, археологтар,отандық тарихшылар қатысты.