
🤝 ҚР МАМ МК "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бұл бірлескен зерттеулерге, білім беру жобаларына, ғылыми еңбектер шығаруға және болашақ мамандарды даярлауға жаңа қадам.
Ғылым мен мәдениет одағы Ботай өркениетінің баға жетпес мұрасын сақтауға және насихаттауға кең мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. 🌍✨
Ботай музей-қорығының экспозициялық залында «Керамика айына» арналған экскурсиялар ұйымдастырылуда. Келушілер Ботай мәдениетінің тарихи мұрасымен, ежелгі қыш бұйымдарының ерекшеліктерімен таныса алады.
Экскурсия барысында археологиялық қазбалардан табылған бірегей қыш сынықтары көрсетіліп, керамика өнерінің дамуы мен оның адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы ақпарат беріледі.
Ботай музей-қорығы 2025 жылдың қыркүйегі керамика айы деп жарияланғанын хабарлайды.
Бір ай ішінде музейде тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.
-Ботай мәдениетінің керамикасымен байланысты археологиялық олжалар көрмесі.
- Керамикалық бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтары.
- Керамика тарихы туралы дәрістер мен әңгімелер.
Жұмыс режимі:
Дүйсенбі-Жұма
9.00-ден 13.00-ге дейін
14.00-ден 18.00-ге дейін
Кіру ақылы
Аудан тұрғындары мен қонақтарын ата-бабаларымыздың бай мұрасымен танысуға шақырамыз.
2025 жылдың 19 тамызында СҚО Шал ақын ауданының мектеп оқушылары "Ботай" музей-қорығына келді.
Оқушылар үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері оқушылармен Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйретілуі, табылған қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда оқушылар ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар, қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды
2025 жылдың 13 тамызда Ботай бірегей археологиялық қонысында ғылым, мәдениет және билік өкілдерін біріктірген "Ботай және Тұран- Түркі әлемнің негіздері" Халықаралық ғылыми-семинар -тимбилдинг өтті.
Семинар тимбилдингке Түркия, Әзербайжан, Ресей федерациясының құрамындағы Татарстан,Якутия, Башқұртстан Республикасыларынан келген ғалымдар, аудан мен облыс тұрғындары қатысты.