foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ұлы ғалымды еске алу

 Бүгін біз есімі Қазақстан археологиясының тарихымен мәңгі байланысты көрнекті ғалым Виктор Федорович Зайбертті еске аламыз.

Ол бүкіл өмірін ежелгі дәуірді зерттеуге арнап, әлемге Ботай мәдениетінің бірегей ескерткішін ашты. Оның ашылуының арқасында адамзат Ботай мәдениеті және адамның жылқыны қолға үйретудегі алғашқы қадамдары туралы білді.

Оның ғылыми еңбектері Қазақстанның игілігіне ғана емес, тарихқа қосқан әлемдік үлесіне айналды.

Толығырақ...

Үкілі Ыбырай 165 жыл

2025 жылдың 27 қыркүйек күні  «Ботай» музей-қорығы Айыртау ауданында өткен Үкілі Ыбырайдың 165 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысып, көрме ұйымдастырды.

Шара аясында музей қорынан арнайы көрме ұсынылып, қонақтар Ботай мәдениетінің тарихи-мәдени мұрасымен және өлкеміздің бай дәстүрлерімен танысты.

Толығырақ...

Құрметті достар 📢📢📢

Ботай қонысының тарихы мен Ұлы Дала мәдениетін тереңірек танып-білуге шақырамыз! 🌿
Викторинаға қатысып, біліміңізді сынап көріңіз!

Экскурсия

24 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстанның орыс қауымдастығы» РҚБ Айыртау аудандық өкілдігінің басшысы Илья Минеевтің бастамасымен Айыртау ауданына бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері жұмыс сапарымен келді.  Атап айтқанда, «Ассамблея Жастары» РҚБ СҚОФ басшысы Дарига Смаилова, «Рух Тіл Жаңғыру» ҚБ төрағасы Ануар Токпан, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ әлеуметтік бастамаларды қолдау және этномедиация бөлімінің жетекшісі Руслан Мамаев.

Толығырақ...

«Сарапшы көзқарасы»

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарапшы көзқарасы» онлайн диалогын жалғастыруда, онда әр саланың (тарих, археология, этнография және т.б.) ғалымдары өз пікірлерін ортаға салып, ғылыми зерттеулермен бөлісетін болады.

Бүгінгі қонағымыз А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, зооархеология зертханасының меңгерушісі, PhD докторанты Шагирбаев Мамбет Сапарбекұлы:

🗣️ Тақырыбы: Ботай мәдениеті: Жылқыны қолға үйретудің алғашқы орталығы және зооархеологиялық зерттеулердің дамуы

https://www.facebook.com/share/v/1GPUDUGpW5/

 

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"