foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

Бүгін, 22 қыркүйек күні  «Ботай»  музей-қорығына  Саумалкөл №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары қонаққа келді.

«Керамика айы» акциясы аясында балалар Ботай мәдениетінің бірегей керамикалық бұйымдарымен танысты.

Оқушылар көне керамиканың қалай жасалғанын, ата-бабаларымыз қандай өрнек пен пішіндерді қолданғанын, сондай-ақ бұл бұйымдардың тұрмыстағы маңызын білді.

Мұндай кездесулер балаларға тек білімін кеңейтіп қана қоймай, өз өлкесінің тарихы мен мәдени мұрасымен байланысын сезінуге мүмкіндік береді.

Толығырақ...

«Сарапшы көзқарасы»

Құрметті достар!

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Сарапшы көзқарасы» кездесулер циклін биыл да  жалғастыруда!

23 қыркүйек күні  «Ботай» музей – қорығының ғылыми қызметкері Макеев Марат Сайлауұлы  А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, зооархеология зертханасының меңгерушісі, PhD докторанты  Шагирбаев Мамбет Сапарбекұлымен сұхбат жүргізеді.

Тақырыбы:  «Ботай мәдениеті: Жылқыны қолға үйретудің алғашқы орталығы және зооархеологиялық зерттеулердің дамуы»

"Тарих пен еңбек тоғысында"

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Ақан сері атындағы Айыртау аудандық Мәдениет үйінде "Ботай" музей-қорығы жұмысшы кәсіптер жылы аясында Еңбек күніне арналған "Тарих пен еңбек тоғысында" көрмесін ұйымдастырды.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және дәріптеу, сондай-ақ еңбек пен еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыру.

Толығырақ...

“Ботай” музей-қорығы «E-museum» жобасында...

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Ботай” музей-қорығының қор сақтаушысы Мақпал Серікбекқызы Альмаганбетова  қатысуда.

"E-museum" - бұл Қазақстанның музей қорларының бірыңғай мемлекеттік каталогы, онда мыңдаған экспонаттар туралы мәліметтер жиналады.

🔹 Семинарда мамандар жәдігерлерді веб-порталға енгізу, деректерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толықтыруды үйреніп, тәжірибе алмасуда.

🔹 Бұл бастама Ботай мәдениетіндегі бірегей мұраларды әлемге таныстыруға және тарихымызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

 

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"