
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан — халқымыздың егемен ел болуға жасаған шешуші қадамының тарихи символы. Бұл күн — өткенімізге тағзым, болашағымызға сеніммен қарауға жетелейтін ерекше мереке.
Музей-қорықтар — ұлт тарихының, мәдени мұрамыздың шежіресі. Біз үшін бұл күн — Тәуелсіздік рухын дәріптеп, жас ұрпаққа аманат етіп жеткізудің маңызы арта түсетін сәт.
Еліміз аман, рухымыз биік, бірлігіміз баянды болсын!
Республика күні құтты болсын!

Құрметпен,
Сабина Амирова.
#RepublicDay#25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным