
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Саумалкөл орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Букенов Ерлан Жұмабекұлының жетекшілігімен «Жас археолог» үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме аясында Ерлан Жұмабекұлы оқушыларға арналған «Ботай — көшпелі өркениеттің бесігі» атты 34 сағаттық авторлық курстық бағдарламаны әзірледі. Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған және «Қазақстан тарихы» пәні шеңберінде жүзеге асырылады.
Мақала энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші — Ботай қонысына арналған. Бұл ескерткіш Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының рухани символына айналған маңызды археологиялық нысан болып табылады.
Авторға Ботай мәдениетіне және оның ғылыми зерттелуіне назар аударғаны үшін алғыс айтамыз.
Мақаланы «Казахстанская правда» газетінің сайтынан оқи аласыздар.
«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы адамдардың, әсіресе жастардың, ойлау жүйесі мен мінез-құлқына әсер етіп жатыр. Бұл – бүкіл адамзат өмірін түбегейлі өзгертетін үдеріс».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев
Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика барысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі және ғылыми-қор жұмысы мен экскурсиялық қызмет көрсету бөлімімен бірлесе отырып, музей экспозициясында ұсынылған артефактілермен танысты.
Практикалық жұмыс аясында студенттер археолог және зерттеуші В.Ф. Зайберт туралы бейнематериалдарды тамашалап, мәдени және тарихи мұраны көрсететін экспонаттарды зерделеді. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындап, «Ботай — Ұлы Даланың мәдениеті» тақырыбындағы викторинаға қатысты.
Далалық өркениеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі мен ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжімен бірлесе отырып, өндірістік практика аясында бірқатар іс-шараларды жоспарлап, іске асыруда. Музей-қорыққа келгеннен кейін Агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика шеңберінде өз тәжірибесінің мақсатына сәйкес жұмыстарын бастады. Практиканың мақсаты – Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасымен танысу, сондай-ақ тәжірибелік білім мен дағдылар алу болды. Студенттерге Ботай мәдениетіне арналған кітаптар, дәрістер және басқа да материалдар таратылды.