
Бүгін «Ботай» музей-қорығының экспозициялық залында «Жас археолог» үйірмесінің қатысушыларына «Ботай мәдениетінің еңбек құралдары» айлығына орай музейлік сабақ өткізілді.
Сабақ барысында балалар ежелгі ботайлықтардың тұрмыста, аңшылықта және шаруашылықта қолданған құрал-саймандарымен танысып, олардың жасалу тәсілдері мен маңызын білді.
🪓 Қатысушылар көне еңбек құралдарын қазіргі заманғы ұқсас бұйымдармен салыстырып, танымдық ойындарға қатысты.
Мұндай сабақтар өскелең ұрпақтың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, Ботай өркениетінің бай мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.