
2025 жылғы 12 қараша күні Ботай музей-қорығы мәдени инклюзияны дамыту акциясы аясында Айыртау ауданының Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» атты көшпелі көрме мен музейлік шара ұйымдастырды.
Акция шеңберінде шеберлік сабақтары өткізіліп, қысқаша бейнероликтер ұсынылды және ботай мәдениеті туралы танымдық дәріс оқылды. Тыңдаушыларға Ботай мәдениетінің зерттелу тарихы мен жаңалықтарын қамтыған бейнефильм көрсетіліп, мұражайландыру бағытындағы жұмыстар жөнінде презентация таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар ежелгі шеберлердің тәжірибесін өз қолдарымен сезініп көру мақсатында тасты диск жасаудан шеберлік сабағына қатысты.
Шараға 50-ден астам адам қатысып, Ботай мұрасы мен археологиялық жаңалықтар туралы мол мағлұмат алды.