foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Музей сабағы

Бүгін, 14 қараша, «Ботай» музей-қорығы Лобаново ауылындағы «Зейнеп» көпсалалы жоғары колледжінде музейлік сабақ пен көрме ұйымдастырды.

Шара барысында студенттерге Ботай туралы деректі фильм, Ботай қонысындағы алғашқы қазба жұмыстары жөнінде мағлұмат және музейлендіру, ботайлық тұрғын үйлер туралы презентация ұсынылды.

Іс-шараның қорытындысында студенттерге «Ботай – Ұлы Дала Мәдениеті» көрмесі көрсетіліп, олар Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерімен жақынырақ танысты.

Бұл кездесу жастардың туған өлке тарихын тереңірек тануына және Ұлы Дала өркениетіндегі Ботай мәдениетінің маңызын түсінуіне мүмкіндік берді

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"