
13 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Сабина Каримовна Амирова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Михайлович Пономарёвпен кездесті. Депутаттың жұмыс сапары 12–15 қараша күндері Солтүстік Қазақстан облысында өтуде.
Кездесу барысында тараптар Петропавл қаласындағы Абылай хан Резиденциясына барып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және мәдени-ағартушылық жобалар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу жемісті әрі мазмұнды өтті. Тараптар тарихи туризмді дамыту мен мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.