foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері, журналист Сергей Пономарёв жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Достық үйінде мәжілісмен АНК СҚО құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени орталықтарының өкілдерімен кездесті. Биылғы жылдың қазан айынан бастап Сергей Михайлович Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып табылады.

Кездесу барысында өңірдегі этносаралық келісімді нығайту, халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар СҚО-ның тарихи-мәдени мұра нысандары, археологиялық зерттеулерді дамыту және музей ісін ілгерілету жайы сөз болды.

https://www.facebook.com/share/v/17EZ51SNu5/

Музей сабағы

Бүгін, 14 қараша, «Ботай» музей-қорығы Лобаново ауылындағы «Зейнеп» көпсалалы жоғары колледжінде музейлік сабақ пен көрме ұйымдастырды.

Шара барысында студенттерге Ботай туралы деректі фильм, Ботай қонысындағы алғашқы қазба жұмыстары жөнінде мағлұмат және музейлендіру, ботайлық тұрғын үйлер туралы презентация ұсынылды.

Толығырақ...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы С.М. Пономарёвпен кездесу

13 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығының директоры Сабина Каримовна  Амирова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Михайлович Пономарёвпен кездесті. Депутаттың жұмыс сапары 12–15 қараша күндері Солтүстік Қазақстан облысында өтуде.

Кездесу барысында тараптар Петропавл қаласындағы Абылай хан Резиденциясына барып, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және мәдени-ағартушылық жобалар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу жемісті әрі мазмұнды өтті. Тараптар тарихи туризмді дамыту мен мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Ботай» музей-қорығындағы музейлік сабақ

Бүгін «Ботай» музей-қорығының экспозициялық залында «Жас археолог» үйірмесінің қатысушыларына «Ботай мәдениетінің еңбек құралдары» айлығына орай музейлік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында балалар ежелгі ботайлықтардың тұрмыста, аңшылықта және шаруашылықта қолданған құрал-саймандарымен танысып, олардың жасалу тәсілдері мен маңызын білді.

? Қатысушылар көне еңбек құралдарын қазіргі заманғы ұқсас бұйымдармен салыстырып, танымдық ойындарға қатысты.

Толығырақ...

«Ботай. Дала өркениетінің бастауында»

2025 жылғы 12 қараша күні Ботай музей-қорығы мәдени инклюзияны дамыту акциясы аясында Айыртау ауданының Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» атты көшпелі көрме мен музейлік шара ұйымдастырды.

 

Акция шеңберінде шеберлік сабақтары өткізіліп, қысқаша бейнероликтер ұсынылды және ботай мәдениеті туралы танымдық дәріс оқылды. Тыңдаушыларға Ботай мәдениетінің зерттелу тарихы мен жаңалықтарын қамтыған бейнефильм көрсетіліп, мұражайландыру бағытындағы жұмыстар жөнінде презентация таныстырылды.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"