2025 жылдың 13 тамызда Ботай бірегей археологиялық қонысында ғылым, мәдениет және билік өкілдерін біріктірген "Ботай және Тұран- Түркі әлемнің негіздері" Халықаралық ғылыми-семинар -тимбилдинг өтті.
Семинар тимбилдингке Түркия, Әзербайжан, Ресей федерациясының құрамындағы Татарстан,Якутия, Башқұртстан Республикасыларынан келген ғалымдар, аудан мен облыс тұрғындары қатысты.
Құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы вице-Министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г. Т. Нұрмұхамбетов болды.
Іс-шара ғылыми тәжірибе алмасудың және тарихты жанды қайта құрудың жарқын үйлесімі болды.
Қатысушылар үшін ежелгі ботайлықтардың өмірін театрландырылған көріністер ұйымдастырылды: қыш ыдыстар жасау процесін көрсету, тас дискілерді жасау, теріні өңдеу, ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілді: балықшылардың дәстүрлі баспанасы мен шаруашылық құралдарымен таныстырылып, сондай-ақ, ежелгі дүниетанымның айқын көрінісі ретінде бақсының рухтарды шақыру рәсімі сахналанып сол кезеңнің мәдени және рухани мұрасы көрермен назарына ұсынылды, сондай-ақ 6000 жыл бұрын осы жердегі тіршілік атмосферасын қалпына келтіретін археологиялық қазбаларды көрсетілді.
Бұл күні Ботай тек археологтар мен тарихшылар үшін ғана емес, мәдени тартымдылық орталығына айналды. Мұнда суретшілердің халықаралық симпозиумының қатысушылары да келді, олар ежелгі далада Шабыт тауып, өз жұмыстарында өткен мен қазіргі заманды біріктірді.
Іс-шара Ботай мәдениетінің Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының маңызды элементі ретіндегі бірегейлігін және оның халықаралық ғылыми және шығармашылық диалогтағы маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шараларды өткізу Солтүстік Қазақстанның бай мұрасын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар мәдени туризмді, ғылыми ынтымақтастықты және шығармашылық бастамаларды дамыту үшін жаңа перспективаларды аша отырып, өңірдің халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді.