СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында орналасқан « Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсияға шақырамыз.
Бұл музей-қорық б.з. д. IV мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанда болған энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіші Ботай мәдениетінің тарихы мен мәдениетіне арналған.
Музей қонақтары сол дәуірдегі адамдардың өмір мен тұрмысы, наным- сенімдері туралы, Ботай қонысынан табылған артефактілерді зерттеуге және аймақтың бірегей мәдени мұрасы туралы түсінік ала алады