foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Даңқты еске алу кезеңдері

ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай (1941-1945 жж.), "Ботай" музей-қорығы қызметкерлерінің аға буыны – аталарына арналған "естелік пен даңқ кезеңдері" тақырыбында бейнеролик түсірді.

Бейнероликтің мақсаты (бейне дайджест түрінде): - Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарды құрметтеу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Видеодайджесттің міндеттері: аға буын өкілдерінің есімдері туралы қысқаша ақпаратпен бөлісу, ерліктерінің орындарын қысқаша көрсету, жастардың тарихты білуі және есте сақтауы, аға буын жасаған ерліктері үшін ризашылық сезімін сезінуі үшін аталар мен арғы аталардың фотосуреттерін көрсету.

Ботай мәдениетінің жәдігерлеріне саяхат

2023 жылдың 6 мамыр күні 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні қарсаңында  -  Саумалкөл ауылында орналасқан №5510 әскери бөлімнің қатардағы құрамының әскери қызметшілеріне "Ботай" музей-қорығының экспозициялық залы бойынша тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Тақырыптық экскурсияның ұйымдастыру мақсаты – сарбаздарға  ежелгі адамдардың кәсібін, тұрмыс тіршілігін сипаттау.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері  Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ сарбаздар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде, табылған қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда оқушылар ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды.

Жеңіс күніне арналған көрме

Бүгін, ағымдағы жылдың 2 мамыр күні, Айыртау ауданы, Комаровка ауылының орта мектебінде  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында "Ерлік даңқы ешқашан өшпейді" тақырыбындағы музей сабағы және "Ботай" музей-қорығы экспонаттарының көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты-  балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға, баулуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және оларға патриоттық тәрбие беріп, балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамытуға, балаларға  үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме

2024 жылғы 30 Сәуірде "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Рудный орта мектебінде орналасқан украин халқының этномәдени бірлестігінің музейімен бірлесіп көрме ұйымдастырды

Көрмеге мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты

Іс-шараның мақсаты-жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әртүрлі этностардың ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеу, өскелең ұрпақ арасында этносаралық достық пен келісім идеясын насихаттау.

"Ашық есік күні"

📌18 сәуірде "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қонақтарға есігін айқара ашты.

📌 Бұл күні "Ботай" музей-қорығында 18 сәуір-Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай "Ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды.
Музей қызметерлері келген қонақтарға музейдің экспозициялық залы бойынша қызықты экскурсия өткізіп, Ботай мәдениетінің тарихы туралы қызықты фактілерді айтып берді. Бұл күні Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің студенттері, Саумалкөл қазақ орта мектебі мен Лобанова ауылының «Зейнеп» колледжінің студенттері экскурсияның қонақтары болды.
📌 Экскурсия барысында музей-қорықтың ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау бөлімінің бас инспекторы В. А. Искрижицкий тарихи мұраға ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында музей қонақтарына дәріс өткізді, одан әрі студенттер Ботай мәдениетінің тарихымен, археологиялық жәдігерлермен танысып, сондай-ақ музейдің көрме залында қонақтарды керамикалық ыдыс-аяқ жасау бойынша қызықты шеберлік сабағын тамашалады.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"