
2024 жылдың 22 қазан күні «Ботай» музей-қорығына СҚО, Шал ақын ауданының Сергеевка ауылының мектеп оқушылары мен мұғалімдері келді.
Келген қонақтарға музей-қорықтың экспозициялық залы мен Ботай қонысында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушыларға Ботай мәдениеті жайлы, оның зерттелу тарихы, сонымен қатар энеолит дәуірінен сақталып қалған жәдігерлер мен қайта құрылған ботайлықтардың тұрғын үйлері жайлы ақпараттар берілді.
> >
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында 2022 жылдан бастап «Жас археолог» үйірмесі жұмыс істеп келеді.
Үйірме – оқушылардың білімін жетілдіруді, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуді және құрметтеуді үйретеді.
Бүгін, 2024 жылғы 24 қыркүйек күні «Ботай» музей-қорығының «Жас археолог» үйірмесі аясында музей қызметкерлері Айыртау ауылының орта мектебінің оқушыларына «Ертедегі еңбек құралдары» тақырыбында дәріс пен көрме ұйымдастырды.
Жас археологтар археология саласы бойынша теориялық білімдерін жетілдіре отырып, сабақ барысында ескерткіштерді табуды, сипаттауды үйренуде, сонымен қатар Ботай қонысынан табылған жәдігерлермен танысты.
> >
2024 жылдың 17-19 қыркүйек күндері Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласында "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі" XVII шығармашылық және ғылыми зиялылар форумының аясындағы «Достастық елдерінің шығармашылық инновациялары мен ұлттық мәдени дәстүрлері» пікірталас алаңында "Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын мұражайландыру" тақырыбында баяндама оқыды.
> >
"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласында өтіп жатқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі" XVII шығармашылық және ғылыми зиялылар форумына қатысуда.
Форум келесі пікірталас алаңдарында өтеді: Достастық елдерінің шығармашылық инновациялары мен ұлттық мәдени дәстүрлері , ТМД-дағы цифрлық трансформация дәуіріндегі ғылым мен білім, Достастық елдерінің шығармашылық жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы және т. б.\
Форумның негізгі тақырыбына "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: мәдениеттердің ортақ құндылықтары мен алуан түрлілігі"тақырыбына арналады.
> >
2024 жылғы 11 қыркүйек күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжінде Ботай мәдениетін ашушы, тарихшы Еслямбек Зәкәрияұлын еске алуға арналған «Ботайды алғаш таныған тұлға-Есләмбек Зәкәрияұлы» тақырыбында колледж студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Ұлы даланың мәдениетін, тарихын және мемлекеттілігін түсіну және Ботай археологиялық мәдениетін зерттеудің қорытындылары мен перспективаларын талқылау болды.
Дөңгелек үстел аясында студенттерге Ботай жәдігерлерінің көрмесі ұсынылды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсатты аудиториясы оқытушылар мен колледж студенттері және музейлердің ғылыми қызметкерлері болды.
> >