foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Антропология

2025 жылдың 10-21 ақпан күндері «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Макеев М.С., Құттыбай М.М. Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына ғылыми-зерттеу сапарымен барды.

https://www.facebook.com/share/v/17XDqtcDEP/

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

«Ботай- адамзат өркениетінің бастауы »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын Республикалық шығармалар байқауына биыл да  Астана, Алматы, Орал,  Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Степногорск  қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, ШҚО, БҚО облыстарынан және Солтүстік Қазақстан облысы аудандарынан (Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Айыртау) 102 жұмыс келіп түсті, оның 66-і қазақ және 36-і орыс тілінде.

Қазылар алқасы құрамындағы "Ботай" музей-қорығының ғылыми қызметкерлері жұмыстарды тексеріп байқау жеңімпаздарын (І, ІІ және ІІІ орындар) таңдады.

 

Толығырақ...

"Қазақстан тарих ғылымының дамуына әйел ғалымдардың қосқан үлесі-шығармашылық және жеке өзін - өзі жүзеге асыру жолдары"

2025 жылдың 4 наурыз күні  «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ZOOM платформасында  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған "Қазақстан тарих ғылымының дамуына әйел ғалымдардың қосқан үлесі-шығармашылық және жеке өзін - өзі жүзеге асыру жолдары" тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ғылыми - зерттеу, білім беру-академиялық, мәдени-ағарту қызметіндегі әйел ғалымдардың жетістіктері мысалында тарих ғылымының, археологияның, мәдени контексттердің өскелең ұрпағы үшін танымал ету. 

         Аталмыш шара «Ботай» музей-қорығының директордың м.а. Т.К.Нурсеитовтың құттықтау сөзімен басталды.

          Дөңгелек үстелге Ә.Х. Марғұлан атындағы                                                                        археология институты  Солтүстік Қазақстан      филиалының басшысы  Меруерт Қиясбекқызы,      Тарих ғылымдарының кандидаты, Астана қаласындағы А. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалының   ерте темір дәуіріндегі археология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері -    Ганиева Айнагуль Сабитовна, «Есік» музей-қорығының басшысы Гульмира Райылқызы қатысып, әйел ғалымдардың ғылыми биіктерге жетудегі еңбек өмірбаяны, археологиялық экспедициялар жүргізумен байланысты қиындықтарды еңсеру (көтеру материалы, қазба жұмыстары және қазба орнына жақын уақытша тұрғын үйде тұру, қиын ауа-райы жағдайлары, ашық кеңістік, жаяу маршруттар) жайында  баяндап айтып берді.

              Іс-шара соңында «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері барша әйел қауымына құттықтауларын  жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді. 

 

Алматы қаласына іс-сапар

         2025 жылдың 10-21 ақпан күндері «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Макеев М.С., Құттыбай М.М.  Алматы қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына ғылыми-зерттеу сапарымен барды.

         Іс-сапардың мақсаты- ынтымақтастық меморандумындағы ескерткіштерді сақтау мен қорғау мәселесінде тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісу және т.б. көптеген бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері қамтылды.  

         Сапар барысында ғылыми қызметкерлер  зооархеология, антропология, остеология  зертханаларымен танысып, лаборотория бағытындағы зерттеу жұмыстарымен танысты.

«Археологиялық зерттеу әдістері»

2025 жылғы 27 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ғылыми қызметкерлері Макеев Марат Сайлауұлы, Құттыбай Мәдениет Мақатұлы «Археологиялық зерттеу әдістері» тақырыбында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау қаласының университетінің студенттеріне  тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара жоспары Ботай мәдениетінің материалдары мен артефактілеріне негізделген көрме-экскурсияны қамтыды.

Студенттерге Ботай қонысының  40 жылға жуық зерттеулерінің бірегей нәтижелері туралы ақпарат ұсынылып, олар тас дәуірінің соңында Қазақстан аумағында, Орал-Ертіс өзені шегінде Ботай мәдениетінің ежелгі тасымалдаушылары планетада алғаш рет жылқыны қолға үйреткенін дәлелдеді.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"