foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Ботай – Ұлы дала мәдениеті"

2025 жылғы 22 мамырда "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Степногорск тарихи-өлкетану музейінде "Ботай – Ұлы дала мәдениеті" атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуын өткізді. Көрме 22 маусымға дейін жалғасады.

Экспозиция IV мыңжылдыққа жататын, Қазақстанның солтүстігінде табылған бірегей археологиялық мәдениет — Ботай мәдениетіне арналған. Көрмеге келушілер ежелгі ботайлықтардың тіршілігінен сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлермен: қыш ыдыстармен, еңбек құралдарымен, әшекей-бұйымдармен, сондай-ақ тұрғын үй мен тұрмыс салтының реконструкцияларымен таныса алады. Солардың ішінде; Трепанация іздері бар адамның бас сүйегі. Яғни,ежелгі адамдар сол заманда хирургиялық жолмен операция жасай бастағанына көз жеткізеді.

Жылқының өрнектелген бақайшық сүйектері- бұл жәдігерді көбінесе әйел адамдар мойнына әшекей бұйымдар ретінде қолданған, әр ою белгілі бір отбасылық,рулық символды білдіреді.

Керамикалық ыдыстардың сынықтары - бұл сынықтар ботайлықтардың қымыз дайындалғанын бір дәлелі болып табылады. Сонымен қатар яшмокварциттан жасалған соққыштар, балғалар, жебе мен садақтың ұштары, ретуш өңдеушілер мен пышақтар мен қырғыштар бар.

Ботайлықтардың тұрғын үйлері қазақтың киіз үйінің прототипі болып саналады. Тұрғын үйлер бір бірімен жер асты өткелдерімен қосылған. Әрбір тұрғын үйде бір шаруашылықтың түрімен айналысатын адамдар тұрған.

Ботай мәдениеті Ұлы даланың ең көне өркениеттерінің бірі болып саналады. Дәл осы өңірде әлемде алғаш рет жылқы қолға үйретілген — бұл оқиға бүкіл адамзат өркениетінің дамуына зор ықпал еткен. Көрме көне халықтың тұрмыс-тіршілігіне үңілтіп қана қоймай, тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын да айшықтайды.

Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары мен студенттер ерекше қызығушылық танытты — мұндай көрмелер олар үшін тарихтың тірі сабағына айналуда.

https://www.facebook.com/share/v/1EXNmC11e4/

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"