foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар

Мемлекеттік кеңесші Е.Т.Кариннің қатысуымен 2025 жылы 23 қаңтарда Астана қаласында ҚР Президент мәдени орталығында «Отан тарихының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар және ізденістер» атты тарихшылар форумы өтті. Айтулы шараның аясында «Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар» көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Ақмола облысы, Еленовка ауылындағы мұражай сабағы

2025 жылғы  15 қаңтарда Ақмола облысы Зеренді ауданының Еленовка ауылының орта мектебінің оқушылары  үшін  «Ботай» музей-қорығы Ботай мәдениетіне арналған  тарихи танымдық музей сабағын ұйымдастырды.

Мектеп оқушыларына  "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері балаларға арнайы Ботай мәдениетінің ескерткіштері туралы дәрістер,археологиялық қазба жұмыстары жайлы деректер,  бірегей жәдігерлер қойылған көрме ұсынды.

Толығырақ...

Мұғалімдер арасындағы эссе байқауы

"Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында Халықаралық сертификат беру арқылы жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің педагогтары, орта арнаулы оқу орындарының (колледждердің) мұғалімдері арасында ЭССЕ байқауын жариялаймыз.
Байқау 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап 2025 жылғы 26 қаңтарға дейін өтеді.
Өткізу тілдері-қазақ, орыс

Толық ақпарат осы нөмерде: +7 (775) 7328454 Шаимова Айгерім Жеңісқызы

Конкурстық жұмыстарды поштаға қабылдаймыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Экскурсия

2024 жылдың  23 желтоқсан күні  «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Ақмола облысы Көкшетау қаласының №11 орта мектепбінде  және Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының №2 орта мектебінде  «Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында   тарих саласындағы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада мектеп оқушыларына  Ботай мәдениеті жайлы дәріс және көрме ұйымдастырды.  Көрмеге Ботай және Красный Яр қоныстарынан табылған жәдігерлер қойылды. Олардың ішінде тарихи түрде жауынгерлік және қызметтік мақсатта қолданылған сүйек пышағы, сүйек гарпуны және тасты дискілер-балталар ерекше көзге түседі.

Толығырақ...

Ботай музей-қорығының және Тәуелсіз Қазақстанның мәдени-тарихи жетістіктері

2024 жылдың 13 желтоқсан күні «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері 16-Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай  СҚО,Уалиханов ауданы, Кішкенекөл  ауылының  №2  Кішкенекөл орта мектебінде  "Ботай музей-қорығының  және  Тәуелсіз Қазақстанның мәдени-тарихи жетістіктері" тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"