Бүгінгі, 29 ақпан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ұйымдастырылған «Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру» жобасы аясында алынған сабақтармен бөлісу үшін біліктілікті арттыру семинар курсында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының суретші-реставраторы Ю.Б.Тихонов қатысуда.
Семинардың мақсаты- қазіргі музей ісіндегі қалпына келтіру жұмыстарының тәжірбиелері мен нәтижелерімен бөлісу, музей ісі мен музейлер қызметін заманауи бағытта ілгерілту, музейлердің ғылыми-зерттеу, мәдени-білімберу қызметін жетілдіру, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы музей рөлін дәріптеу, иузейлер имиджін көтеру.
> >
Бүгін, 2024 жылғы 28 ақпанда Айыртау ауданы Каменный брод ауылының орта мектебінде "Ботай" мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері "Ботай - Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында көрме және дәріс ұйымдастырды. Көрмеге мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты.
Бұл көрмеде бірегей Ботай мәдениеті - жылқыны қолға үйрету орталығы ретінде сипатталған және артефактілер ұсынылған: сүйек пышағы – (Ботай қонысындағы археологиялық қазбалардан табылған), трепанация іздері бар энеолит дәуіріндегі адамның бас сүйегі, хирургиялық ланцет (ежелгі дәуір), аңшылық пен балық аулауға арналған сүйек гарпуны, Ботай қыш ыдыстарының сынықтары және тағы басқалар.
Аталған іс-шарада "Ботай" музей-қорығының бас инспекторы В.А. Искрижицкий өз сөзінде археология ескерткіштерін сақтаудың маңыздылығы, оларға ұқыпты қарау, отандық тарихты зерделеу, өскелең ұрпақ үшін Қазақстан Республикасының өңірінің бай мәдени мұрасын насихаттау және сақтау қажеттігі туралы атап өтті.
> >
Аталмыш іс-шарада "Ботай"музей-қорығының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі бас инспекторы Искрижицкий Владимир Александрович, келген қонақтарға тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсаттарымен, міндеттерін айқындап,оларды жас ұрпаққа насихаттауда музейлердің рөлі айрықша екенің айта кетті.
Көрмеге Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сүйектен жасалған пышақ, гарпунь, трепанация іздері бар адамның бас сүйегі, ланцет, қыш ыдыстың сынықтары және т.б. бірегей жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.
> >