foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

2025 жылдың 12 маусым күні СҚО, Айыртау ауданы, Баянтай ауылының орта мектебінің оқушылары Ботай музей-қорығына келді.

 Оқушылар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залында және Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізілді

https://www.facebook.com/share/v/1BT5VjKrRo/

«Туған елге тағзым»

 2025 жылдың 11 маусым күні «Туған елге тағзым» жобасының аясында еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек тану, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған елге деген құрметті қалыптастыру мақсатында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ботай» музей-қорығына келді.

 Оқушылар үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

2025 жылдың 5 маусым күні Ботай қонысына археологиялық тәжірибеге Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келді.

⠀ Практика барысында олар қазба жұмыстарының негізгі әдістерімен танысып, көне жәдігерлерді зерттеу үдерісіне тікелей қатысты.

⠀ Бұл тәжірибе – тарих пен археологияны мектеп партасынан тыс, нағыз тарихи ортада терең түсінуге тамаша мүмкіндік болды.

Фото 2Фото 3

Толығырақ...

Тимбилдинг

2025 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ҚР Мәдениет комитетінің "Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК-ны  «Айыртау ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтеріне мұқтаж балаларды қолдау орталығын» тәрбиеленушілеріне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ежелгі археологиялық ескерткіші Ботай қонысында тимбилдинг ұйымдастырды.

"Ботай" музей-қорығының қызметкерлері балалардың демалуы үшін интерактивті, ойын түрінде  өткізді

Толығырақ...

Ботай мәдениеті

СҚО, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында орналасқан  « Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына  экскурсияға шақырамыз.

  Бұл музей-қорық б.з. д. IV мыңжылдықта Солтүстік Қазақстанда болған энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіші Ботай  мәдениетінің тарихы мен мәдениетіне арналған.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"