
Бүгін, 22 қыркүйек күні «Ботай» музей-қорығына Саумалкөл №1 орта мектебінің 6-сынып оқушылары қонаққа келді.
«Керамика айы» акциясы аясында балалар Ботай мәдениетінің бірегей керамикалық бұйымдарымен танысты.
Оқушылар көне керамиканың қалай жасалғанын, ата-бабаларымыз қандай өрнек пен пішіндерді қолданғанын, сондай-ақ бұл бұйымдардың тұрмыстағы маңызын білді.
Мұндай кездесулер балаларға тек білімін кеңейтіп қана қоймай, өз өлкесінің тарихы мен мәдени мұрасымен байланысын сезінуге мүмкіндік береді.