foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Тарих пен еңбек тоғысында"

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Ақан сері атындағы Айыртау аудандық Мәдениет үйінде "Ботай" музей-қорығы жұмысшы кәсіптер жылы аясында Еңбек күніне арналған "Тарих пен еңбек тоғысында" көрмесін ұйымдастырды.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және дәріптеу, сондай-ақ еңбек пен еңбек адамдарына деген құрметті қалыптастыру.

Көрмеге ежелгі ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін шеберлік сабақтары, сондай-ақ ботайлықтардың тастан жасалған еңбек құралдары қойылды. Сонымен қатар Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінің Шал ақын ауданның еңбек тарихынан сыр шертетін құнды экспонаттары – тракторлар, құрылыс машиналары, электрлік құрал-жабдықтар мен шахтерлердің каскасы көрермен назарына ұсынылды.

Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығы балаларының көркемдік жұмыстары және  Айыртау ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстары  ұсынылды.

 Көрме атмосферасы еңбекке деген құрметке, шығармашылыққа және тарихқа деген қызығушылыққа толы болды. Келушілер іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті!

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"