
2025 жылғы 27 ақпанда Саумалкөл мектеп-гимназиясы оқушылары үшін «Ботай» музей-қорығы «Ұлы Даланың ежелгі құпиялары" тақырыбымен ботайлықтардың ежелгі технологиялары бойынша қыш ыдыс жасау, тасты дисктер жасау шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.
Ботайлықтарда қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды.
Тасты дисктер бұрғылау және тегістеу технологиялары арқылы жасалды. Қазақстан аумағында б. з. д. IV-III мыңжылдықтағы энеолит кезеңінде диск тәрізді тас балғалар пайда болды.
Ежелгі ботайлықтар тас балғасын ірі қара малды сою үшін ерекше қару ретінде қолданған.
Ұйымдастырылған шеберлік сабақтар балаларды қызықтырып, олар іс-шараға қуана қатысты.
2024 жылғы 15 наурызда өткен III Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық киімге қатысты берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері әр аптаның жұма күндері ресми киімнің орнына ұлттық киім киіп, «Дәстүрлі жұма» науқаның бастады.
#Дәстүрліжұма
2025 жылғы 21 ақпанныңда Ақмола облысы Зеренді ауданының ауылыны Шағалалы ауылының мектеп оқушылары үшін «Ботай» музей-қорығы Ботай мәдениетіне арналған «Туған өлкем-тұнған шежірем» тақырыбында тарихи танымдық музей сабағын ұйымдастырды.
Музей сабағының мақсаты- Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау, жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларына "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері балаларға арнайы Ботай мәдениетінің ескерткіштері туралы дәрістер,археологиялық қазба жұмыстары жайлы деректер, бірегей жәдігерлер қойылған көрме ұсынды.
Мектептің 5-11 сынып оқушыларына шеберлік сабақ түрінде керамикалық ыдыстарды қайта жасау процесі, ежелгі технологиялар бойынша тасты дисктер дайындау процесі көрсетілді.
Іс-шараға 50 шақты оқушы қатысты.
2025 жылдың 10 ақпан күні «Ботай» музей-қорығына Саумалкөл қазақ орта мектебінің 4 сынып оқушылары келді.
Келген қонақтарға музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушыларға Ботай мәдениеті жайлы, оның зерттелу тарихы, сонымен қатар энеолит дәуірінен сақталып қалған жәдігерлер мен қайта құрылған ботайлықтардың тұрғын үйлері жайлы ақпараттар берілді.
> >
"Ботай-Ұлы дала мәдениеті"тақырыбында Халықаралық сертификат беру арқылы жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің педагогтары, орта арнаулы оқу орындарының (колледждердің) мұғалімдері арасында эссе байқауының қортындысы.
Шығармалар байқауына Көкшетау, Астана, Қарағанды, Абай облысы, Қызылорда, және Ақмола облысы аудандары мен Солтүстік Қазақстан облысы аудандарынан (Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Айыртау) 26 жұмыс келіп түсті.
Қазылар алқасы 26 жұмыстың ішіндегі 16-і қазақ және 10-і орыс тілінде шығармаларды іріктеп, байқау жеңімпаздарын ( І, ІІ және ІІІ орындар) таңдады