Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Саумалкөл ауылының мектеп оқушыларына Ботай мәдениетінің жәдігерлерінің көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты- балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға, баулуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және оларға патриоттық тәрбие беріп, балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамытуға, балаларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.