2025 жылдың 19 мамыр күні Саумалкөл ауылының Тәуелсіздік аланыңда 21 мамыр-Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерекесіне орайластырылған суретші – реставратор Юрий Борисович Тихоновтың "Әлем таныған - Ботай" тақырыбындағы картиналар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Юрий Борисович Тихоновтың картиналар көрмесі 21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің күніне, сондай-ақ тарихи мұраны насихаттау мақсатында орайластырылған. Бұл көрменің бірегейлігі - бұл жеке және сонымен бірге музей әріптестерімен көпжылдық бірлескен іс-әрекеттен шығармашылық шабыт алып, белгілі бір тақырыпқа-Ботай мәдениетіне, ат-шабандоз өркениетіне арналған. Тихонов Юрий Борисович - "Ботай" музей-қорығының ғылыми-қор жұмысы бөлімінің суретші-реставраторы. Ол артефактілерді бейнелеуге ынталы, көркемдік және тарихи құндылықтар бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, құнды музей заттарының жойылуының себептері мен сипатын белгілейді. Юрий Борисович музей ісіне ерекше көзқараспен ерекшеленеді, ол өзінің көркемдік әлеуетін, шығармашылық көзқарасы мен шабытын шығармашылық жұмыстарға – картиналарға, қалпына келтірілген заттарға, артефактілерге салуға тырысады.
Көшпелі көрмелерде Ботай мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін, Ұлы Дала мұрасын қызығушылықпен бейнелейді. Юрий Борисовичтің шығармашылық жұмысы, оның адал және жанқиярлық "Музаларға қызмет етуі" жас ұрпақ үшін шабыттандыратын және ынталандыратын үлгі бола алады деп санаймыз.