Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен Ат спорты мәдениетін сыйлады. Уақыт өте келе адамдар жылқы өсіруді және жабайы табындарды басқаруды үйренді. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтарда дала климаты ылғалды, ал өсімдік жамылғысы бай болды. Ботай және Ботай мәдениетінің басқа да объектілері 40 жылдан аса Қазақстанның және тұтастай Еуразия континентінің ежелгі тарихында бірқатар ғылыми жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның музей-қорықтарына, музей ісінің дамуына, археологиялық ғылымының жетістіктері мен проблемаларына арналған «Мәдени контекст» бағдарламасын
Khabar TANYM каналынан көре аласыздар.
эфирде.
2023 жылдың 17 қараша күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданының Елецкое орта мектебі 5-6 сынып оқушыларына энеолит дәуірінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында " «Ботай - Солтүстік дала қазынасы" тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрісті ұйымдастырудың мақсаты балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту және нығайту, туған өлкенің тарихы мен мәдениеті туралы білім арқылы өз елінің патриоты мен азаматының қалыптастыру.
Оқушыларға Ботай мәдениеті және де ботай мәдениетінің бірегей артефактілері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар назарына ботайлықтардың жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер,ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтары көрсетіліп, оларды қалай жасайтыны,қолдану жолдары бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді.
Оқушылар Ботай мәдениетінің әлеміне үніліп, қызықтырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап алды.
Бүгін, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов «Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бөкейхановна және белгілі музеолог Галия Файзулинамен бірге «Мәдени контекст» бағдарламасына қатысты. Бұл жоба ел тарихындағы ең маңызды оқиғалар, ғылыми жаңалықтар, құбылыстар және олардың жеке адамдардың да, бүкіл ұрпақтың тағдырына әсері туралы әңгімелейтін болады. Бүгінгі бағдарлама Қазақстанның археологиялық ғылымының жетістіктері, музей мен туризм жайлы, музей-қорықтың тұжырымдамасы және оны өңірде іске асыру туралы,сақталған дәстүрлері, музей-қорықтың өз аймақтарында мәдени дамуындағы музейдің рөлін жайында мәселелер талқыланды.
> >
2022 жылдан бастап 18 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей түні» акциясы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Ботай пырағы » фестивалін ұйымдастыруда.
Фестиваль негізгі мақсаты: «Ботай пырағы» фестивалін өткізу – Ботай қонысын әлемдік жылқы-дала өркениетінің, қолөнерінің, дүниетанымының дамуына қызмет еткен энеолит дәуірі археологиясы ескерткіші ретінде кеңінен насихаттау. Ауқымды, фестивальдық форматтағы маңызды іс-шаралар әлемдік ғылыми қоғамдастықты Қазақстанның тарихи-мәдени объектілеріне тартады.
Соңғы 2 жыл бойы «Ботай» қонысының аумағында бірнеше нысан қатар жұмыс істеді. Бұл жерге келген музей қонақтары мен келушілері жылқыны қолға үйрету, өсімдік тамырларын ұсақтау, жылқы терісін тазалау, тас дискілерді жасау, ұлттық сусын – қымыз дайындау сияқты театрландырылған көріністерін тамашалап, өз қолдарымен көне бұйымдардың аналогын жасауға, атпен серуендеуге, алтыбақан тебуге мүмкіндік алады және сату алаңдары, кәдесый бұйымдары сатылады. Сондай-ақ, музей қонақтары арасында найза лақтыру және садақ ату жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталады.
Іс-шара соңында «Бабалар рухын шақыру» театрландырылған қойылымымен жалғасып, «Ботай алауы» жағылады. Екі жылда 2000-нан аса келушілер біздің іс-шараға қатысып келеді.