2023 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» музей-қорығы онлайн және офлайн форматтарда ""Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдығына орайластырылды.
2023 жылдың 29 қыркүйек күні А.Мырзаахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне Ботай музей-қорығының экспозициялық залы мен Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізілді. Студенттер Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан ескерткіш – Ботай археологиялық мәдениетімен танысып, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
Бүгін, 2023 жылдың 27 қыркүйек күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Саумалкөл ауылының №1 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары келді.
Бүгін, 2023 жылдың 25 қыркүйек күні "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының №1 орта мектебінің 5 сынып оқушыларына экскурсия өткізді.
2023 жылдың 13 қыркүйек күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ашық есік күндер» акция барысында Астана қаласынан келген қонақтарға «Ботай» музей-қорығының экспозиция залы бойынша тақырыптық экскурсия өткізді.