foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Зерендегі танымдық іс-шара

2024 жылдың 14  қарашасында «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылының М. Ғабдуллина атындағы орта мектеп-гимназиясында  «Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында   тарих саласындағы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада мектеп оқушылары мен ұстаздарына   Ботай мәдениеті жайлы дәріс, Ботай қонысынан табылған  бірегей жәдігерлер көрмесі және көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтары көрсетілді.

Толығырақ...

Аудан әкімінің жұмыс сапары

Бүгін, 2024 жылдың 15 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жұмыс сапарымен, Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдыбаев келді.
Мейрам Жақсылықұлы музей тынысымен, музейдің экспозициялық залымен, болашақ "Визит-орталық" құрылысының жобасымен, музей-қорықтың дамуымен танысты.
Аудан әкімі Ботай қонысындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді үлкен қызығушылықпен қарап, қызықты ақпарат алды.

Ерте еңбек құралдары

Бүгін, 2024 жылдың 7 қарашасында  «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері  Айыртау ауданының аудандық кітапханасында  "Ерте еңбек құралдары" көрмесін ұйымдастырды.  Іс-шараға Саумалкөл ауылының мектеп оқушылары қатысты.

Толығырақ...

Жас дәурен

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы жыл бойы балалар сауықтыру лагері" КММ-нің балалары үшін «Ботай» музей-қорығы оқушылардың  күзгі демалыс  уақытында Ботай мәдениетіне арналған  бірнеше тарихи танымдық іс-шаралар ұйымдастырды.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"