
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Жас өлкетанушылар" музейлік жобасы аясында үйірме қатысушылары "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының аға қызметкерлерінің басшылығымен "Ботай" қонысында археологиялық қазба жұмысынан шеберлік сағатын өтті, шеберлік сағатын өту барысында үйірме қатысушылары археологиялық қазба кезіндегі кезеңдік жұмыстармен танысып оны тәжірибе жүзінде іске асырды.
> >
2024 жылғы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында туристік маусымның ашылуы өтті.
Біздің өңірде туризмді дамыту мемлекеттік саясатты іске асырудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасындағы ең әдемі жерлердің қазынасына кіретін туристік нысандарға бай.
Имантау-Шалқар курорттық аймағы Республикалық маңызы бар ТОП-10 басым жобаға және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кіреді.
Айыртау ауданының әсем табиғаты Шалқар, Имантау көлдерінің тау алаптары мен су айдындарымен бейнеленген. Көлдерде таза, тұщы су бар. Ерекшелік-Шалқар-емдік әсері бар суымен әйгілі көл.
Бұл күні Имантау-Шалқар курорттық аймағының «Тұрпан» демалыс аймағында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы Еркінбаевтың қатысуымен туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға келушілерге арналған "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей –қорығы "Ботай-ұлы дала өркениеті" жылжымалы көрмесін және де, керамикалық ыдыс жасау, тас дискілерді жасау бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.
> >
Биыл Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әкесі «Көрнекті қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығын Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында тойлануда. Осынған орай 15 маусым күні Қарауыл ауылында үлкен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Асыл тұқымды жылқы» тақырыбында республикалық конференция, конференция аясында ұлттық ойындар көкпар, қазақша күрес, әр түрлі жылжымалы көрмелер мен қатар 500 баланы бір уақытта ашамайға отырғызу салты көрсетіліп гиннестің рекордтық кітабына енгізілді.
Аталмыш іс-шара жылқы малына арналғандықтан, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай-ұлы дала мәдениеті» тақырыбымен жылжымалы көрмесін жұртшылыққа таныстырды. Көрмеге Ботай қонысынан табылған жәдігерлер қойылып, ежелгі адамдардың шаруашылығы жайлы шеберлік сабақтар көрсетілді.