2024 жылдың 14 қарашасында «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылының М. Ғабдуллина атындағы орта мектеп-гимназиясында «Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында тарих саласындағы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада мектеп оқушылары мен ұстаздарына Ботай мәдениеті жайлы дәріс, Ботай қонысынан табылған бірегей жәдігерлер көрмесі және көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтары көрсетілді.
Көрмеге ботайлықтардың тұрғын үй макеті, 1983 жылы табылған бірегей жәдігер трепанация іздері бар адамның бас сүйегі, сондай-ақ сүйектен жасалған пышақ, найза сүңгі, өрнектелген жылқының бақайшық сүйектері мен қатар тастан жасалған құралдар қойылды.
Осындай форматта ұйымдастырылған іс-шаралар кітап беттерін парақтап оқылған дүние мен санаға сіңген білім оны көзбен көрген соң мәңгілікке оқушылардың көкірегімізде жатталып қалары сөзсіз.