Бүгін, 2024 жылдың 15 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жұмыс сапарымен, Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдыбаев келді.
Мейрам Жақсылықұлы музей тынысымен, музейдің экспозициялық залымен, болашақ "Визит-орталық" құрылысының жобасымен, музей-қорықтың дамуымен танысты.
Аудан әкімі Ботай қонысындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді үлкен қызығушылықпен қарап, қызықты ақпарат алды.