foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

2023 жылдың 21 шілде күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Ресейден (Омбы) келген қонақтар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.

Толығырақ...

Сапардан алған әсеріміз!

2023  жылдың 10 шілде күні «Ботай»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ботай» музей-қорығының 5-жылдығына  ұйымдастырылған жылжымалы көрме аясында Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай МҰТП аумағында, аттас ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде Бұқтырма өзенінің жанында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барып қайттық. «Берел» музей-қорығы  Музей аумағында 70-тен астам қорғандар мен ерте көшпенділер дәуіріндегі және ежелгі түркі дәуіріндегі басқа да жерлеу-жерлеу құрылыстары бар.

Толығырақ...

ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙІК!

Ботай мәдениеті қазақ даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі. Ежелгі дәуірде жылқы түлі­гінің қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгені бұл малдың ерекше қастер­леніп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сү­тін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны – қа­зақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр­дің айғағы.

Толығырақ...

«Ботай-қымыз ата-бабасы»

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ.

Толығырақ...

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"