foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өткізілетің «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 2024  жылдың  3 қыркүйегінде Айыртау ауданы,Лобанова ауылында бастау алды. 

"Ұлы дала жорығы" марафоны биыл біздің елімізде тұнғыш рет  халықаралық деңгейде өтілуде.

Оған шет мемлекеттерден 10-жуық команда қатысты. Оның ішінде  ОАР, Иран,Түркия, Ресей Федерациясының қатысушылары, Венгрия, Қырғызстан және отандық қатысушылары 500 шақырымды еңсеруі керек. Жалпы алғанда 17 команда құрамасы қатысты.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің басты мақсаты – ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғыртып, олардың әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау.

«Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі бағыттарының бірі – қолтума жылқылардың екінші тынысын ашу.

Осы бастама аясында  қазақ жылқыларын шетелдік тұқымдармен салыстырып, олардың әлеуеті мен төзімділігін, ұзақ қашықтықты еңсеру қабілетін көрсетіледі.

Шетелдік өкілдерден жарысқа қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, новокиргиз ,еліміздің адай,әулие ата тұқымдары қатысуда.

« Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгенің аясында  Лобанова ауылында «Ботай-Ұлы  Дала мәдениеті» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Марафон қатысушылары, келген қонақтар Ботай  мәдениетімен танысып құнды тарихи жәдігерлермен танысты.  

Бұл аталмыш іс-шараға Ботай көрмесінің ұсынылуы кездейсоқ емес, 44 жыл бұрын археолог-ғалымдар сенсациялық жаңалық ашты. Олар осы аумақтан 100-ге тарта артефактілер тауып, Солтүстік Қазақстан жерінде қамбар ата түлігі ең алғаш қолға үйретілген деген тұжырым жасады. Осы аймақта  жылқы шаруашылығының дамығанына дәлел болатын археологиялық жәдігерлер көптеп табылған.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"