foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай - Ұлы дала мәдениеті

Бүгін, 2024 жылғы 28 ақпанда Айыртау ауданы Каменный брод  ауылының орта мектебінде "Ботай" мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері "Ботай - Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында көрме және дәріс  ұйымдастырды. Көрмеге мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты.
Бұл көрмеде бірегей Ботай мәдениеті - жылқыны қолға үйрету орталығы ретінде сипатталған және артефактілер ұсынылған: сүйек пышағы – (Ботай қонысындағы археологиялық қазбалардан табылған), трепанация іздері бар энеолит дәуіріндегі адамның бас сүйегі, хирургиялық ланцет (ежелгі дәуір), аңшылық пен балық аулауға арналған сүйек гарпуны, Ботай қыш ыдыстарының сынықтары және тағы басқалар.
Аталған іс-шарада "Ботай" музей-қорығының бас инспекторы В.А. Искрижицкий өз сөзінде археология ескерткіштерін сақтаудың маңыздылығы, оларға ұқыпты қарау, отандық тарихты зерделеу, өскелең ұрпақ үшін Қазақстан Республикасының өңірінің бай мәдени мұрасын насихаттау және сақтау қажеттігі туралы атап өтті.

 

Бүгін, 2024 жылдың 12 ақпан күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Айыртау ауданының Кирилловка ауылының мәдениет үйінде "Ботай Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында ауыл тұрғындарымен,оқушылармен кездесіп, энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің тарихымен, археологиялық қазба жұмыстары және музей-қорықтағы жәдігерлер туралы арнайы дәріс оқып, көрме ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шарада  "Ботай"музей-қорығының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі бас инспекторы Искрижицкий Владимир Александрович, келген қонақтарға тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсаттарымен, міндеттерін айқындап,оларды жас ұрпаққа насихаттауда музейлердің рөлі айрықша екенің айта кетті.

Көрмеге Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сүйектен жасалған пышақ, гарпунь, трепанация іздері бар адамның бас сүйегі, ланцет, қыш ыдыстың сынықтары және т.б. бірегей жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.

Ботай мәдениетінің жәдігерлеріне саяхат

2023 жылдың 7 ақпан  күні   №2  Саумалкөл мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушыларына "Ботай мәдениетінің жәдігерлеріне  саяхат" тақырыбында  "Ботай" музей-қорығының экспозициялық залы бойынша тақырыптық  экскурсия ұйымдастырылды.

Тақырыптық экскурсияның ұйымдастыру мақсаты – оқушыларға ежелгі адамдардың кәсібін, тұрмыс тіршілігін сипаттау.
         Экскурсия барысында музей қызметкерлері оқушылармен  Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде, табылған  қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда  оқушылар  ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды.

 

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"