foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай пырағы – 2024

2024 жылғы 23 мамырда ҚР МАМ Мәдениет комитетінің "Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК СҚО Айыртау ауданы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында  "Ботай пырағы-2024" тарихқа қайта оралу фестивалін ұйымдастырды.  2024 жылы жыл сайынғы фестиваль екі тақырыпты біріктірді - 18 мамыр "Халықаралық музейлер күні" және 21 мамыр – ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Фестиваль аясында "Ботай" музей-қорығының қорынан көшпелі көрме ұсынылды. Фестиваль қонақтары үшін театрландырылған көрініс түрінде жылқыны қолға үйрету, қымыз жасау процесі көрсетілді. Садақ жарыстары қызықты түрде өтті. Стильдендірілген киіз үйлерде Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қорынан Ботай мәдениетіне арналған суретшілердің картиналарының көрмесі ұйымдастырылды.

"Ботай" музей-қорығының ғылыми қызметкерлері және суретші-реставратор тас дискілерді жасау және энеолит кезеңінің технологиялары бойынша теріні өңдеу бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті. Келушілерді мәдени қабаттарды зерттеу, артефактілерді "табу" сәттері бар уақытша археологиялық қазба жұмыстары қызықтырды. Фестиваль қонақтарының назарына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан құнды экспонаттары бар қызықты этнографиялық көрме ұсынылды. Фестиваль аясында ұлттық спорт түрлері мен ойындар бойынша жарыстар өтті – теңге ілу,аудараспақ ойыны,жамбы ату, қыз қуу, атпен серуендеу және де  жергілікті кәсіпкерлердің кәдесыйлары мен өнімдерін сату ұйымдастырылды.

Фестивальдің форматы көркем жерде ашық кеңістікте жергілікті тұрғындар, жастар, жұртшылық пен мемлекеттік органдар өкілдері, өлкетанушылар мен ғалымдар, аға буын өкілдері арасынан көптеген келушілерді тартты. "Ботай пырағы" фестивалінің финалында-этникалық музыкамен "шаманның" үлкен ботай алауын театрландырылған жағылумен және мерекелік от-шашумен аяқталды. Бұл сәт Ботай мәдениетінің мағынасына, ежелгі әдет-ғұрыптарға сәйкес келеді. Фестиваль көптеген тұрғындар мен қонақтар арасында үлкен қызығушылық, жағымды әсер қалдырды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"