
Көптеген жылдар бойы қажырлы еңбек еткен Виктор Зайберт ботайлықтардың дамуының жоғары деңгейін дәлелдеп қана қоймай, сенсациялық жаңалық ашты: алты мың жыл бұрын Солтүстік Қазақстан аумағында көшіп келген халық жылқыны қолға үйретіп, оны өсірумен табысты айналысты. Бұл жылқыны қолға үйретудің бұрыннан бар теориясын өзгертті.
17 қаңтар күні Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының " Жас өлкетанушы" туристік-өлкетану үйірмесінің қатысушылары "Ботай"мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсияға келді .
Экскурсия да Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтар көрсетілді.
> >
«Ботай» музей қорығында энеолит дәуірінің куәгері болып табылатын әртүрлі экспонаттар бар, олардың ішінде қыш ыдыстар үлкен қызығушылық тудырады.
Бүгін сіздердің назарларыңызға Ботай қонысынан табылған қыш ыдыс сынықтарынан реконструкцияланған (қайта құрылған) қыш ылыс ұсынылған.. Ыдыстың түбі дөңгелек, өйткені түбі әрең байқалады, сондықтан бұйым тұрақсыз. Беті мұқият өңделген, кейбір керамикалық ыдыстардың бетінде әртүрлі ою-өрнектерді көруге болады , ою-өрнектің негізгі мотивтері толқынды және түзу сызықтар, тарақ, геометриялық фигуралар болды.
Ыдыс ас үй ыдысының бір түрі, оның бетіндегі көп мөлшердегі күйелерден, оны отқа тамақ пісіру үшін қолданғандығы байқалады. Сонымен қатар сүт, қымыз сақтау үшін де қолданған.
СҚО – ның Айыртау ауданында орналасқан "Ботай" қонысы-археологиялық ескерткішін мұражайландыру процесін одан әрі жалғастыру мақсатында 2023 жылдың мамыр айында тағы бір ежелгі Ботай тұрғын үйінің құрылысы жүзеге асырылды.
Тұрғын үй өзінің архитектуралық тұжырымдамасы бойынша алтыбұрышты пішінге ие
Тұрғын үйді тұрғызу, қайта құру дәстүрлі ботай стилінде жүзеге асырылды, яғни олардың әрқайсысы алдыңғысын біріктіреді. Тұрғын үйдің бүкіл құрылысы аяқталғаннан кейін, бөренелер арасындағы барлық саңылаулары өңделіп, мүкпен жабылған. Осы процедурадан кейін ылғалдың енуіне жол бермеу үшін құрылым қорғаныш пленкасымен жабылған, оған өз кезегінде шымтезек салынған. Үйдің ішінде барлық бөренелер кептіру майымен өңделген-ұзақ сақталу үшін.
Тұрғын үйдің интерьері ежелгі аң аулау мен балық аулауға арналған бөлме стилінде безендірілген-балық аулау торлары, гарпундар мен найзалар ілулі, ортасында ошақ орналасқан. Баспалдақ тұрғын үйдің жоғарғы тесігіне апарады, ол негізгі кіреберісті қатты боран болған жағдайда жабыған кезде қосымша жол ретінде қызмет етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Ботай – Солтүстік дала қазынасы» тақырыбында Республикалық эссе байқауын жариялайды.
БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:
Шығарма мазмұнының тереңдігі мен тақырыпты толық аша білуі.
Шығармадағы тарихи мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді пайдалану деңгейі.
Сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
Байқауға ұсынылатын шығармалар оқушының таңдауымен қазақ, орыс тілдерінде қабылданады.
Интернет желісінде Ботай музей-қорығының Instagram, Tik-Tok парақшасына жазылу керек
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
Байқау қашықтық форматында өтетін болғандықтан, жазылған шығармашылық жұмыстарды өтініммен (заявка) бірге (төмендегі көрсетілген сұраныс кестені толтырып), Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жіберуі тиіс.
А4 форматында, компьютерде терілген, көлемі 4 беттен аспайтын болуы шарт.
Кегл түрі-Times New Roman, өлшемі-14, жазба жол аралығы-1,5, барлық жағынан 2см. қалдыру керек.
Байқауға ұсынылатын шығармалармен қатар қатысушы туралы мәлімет және 10×5 фотосурет ұсынылуы керек.
Жұмыстарды қабылдау уақыты: 10.01.2024 - 15.02.2024 ж.
Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты: 20.02.2024 ж.
Байқаудың қатысушылары: білім беру орындарының 8-11 сынып оқушылары.
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: 8(71533) 21-8-80, 8 775-732-84-54 (ватсап) Айгерім
> >