2023 жылдың 6 мамыр күні 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні қарсаңында - Саумалкөл ауылында орналасқан №5510 әскери бөлімнің қатардағы құрамының әскери қызметшілеріне "Ботай" музей-қорығының экспозициялық залы бойынша тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Тақырыптық экскурсияның ұйымдастыру мақсаты – сарбаздарға ежелгі адамдардың кәсібін, тұрмыс тіршілігін сипаттау.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ сарбаздар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде, табылған қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда оқушылар ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды.