Бүгін, ағымдағы жылдың 2 мамыр күні, Айыртау ауданы, Комаровка ауылының орта мектебінде «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 9 мамыр-Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында "Ерлік даңқы ешқашан өшпейді" тақырыбындағы музей сабағы және "Ботай" музей-қорығы экспонаттарының көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты- балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға, баулуға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және оларға патриоттық тәрбие беріп, балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамытуға, балаларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.