
2024 жылдың 5 қаңтар күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері балалардың қысқы демалыс кезінде бос уақыттарын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды өткізу мақсатында "Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-дегі Ботай кабинетінде «Ботай - эпоха энеолита» тақырыбында дәріс оқыды.
"Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Саумалкөл ауылының №1 орта мектебінің туризм және өлкетану бағытындағы “ «Жас өлкетанушы» үйірмесінің оқушыларына «Ботай- солтүстік далаларының қазыналары» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістен оқушылар энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетінің жәдігерлерімен танысып, Ботай қонысы туралы көптеген мағлұматтар алды. Дәріс соңында, оқушыларға сұрақтар қойылып, тақырып аясында көптеген ақпараттар берілді.
> >
Бүгін, 2023 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында және «Ботай» музей-қорығының 5 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК « «Ежелгі Ботай: дала өркениеті мен қазақ мемлекеттілігінің бастауында» »тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.
2023 жылдың 8 желтоқсан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Петропавлск қаласынан келген қонақтар үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді.
Қонақтар Ботай мәдениетінің артефактілерімен танысып, бірегей жәдігерлер туралы толық мағлұмат алды. Экскурсия соңында келушілер музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, гүлдену мен қайталанбас олжалар тіледі.
> >