foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай-Ұлы дала мәдениеті»

2024 жылдың 8 сәуір   күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК  Түркістан облысы Түркістан қаласы  «Әзрет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Жұма мешіті ғимаратында  «Ботай-Ұлы дала мәдениеті»   атты республикалық көшпелі көрменің ашылу салтанатын өткізді.

Көрмеде  Ботай мәдениетінің бірегей жәдігері трепанация іздері бар адам бас сүйегі, жылқы сүйектері, жылқы сүйектерінен жасалған тұрмыста қолданылған құралдар, соның ішінде пышақ, найза-сүңгі, ине, сондай ақ тастан жасалған бұрғы, балта, дисктер,балға және қыш ыдыстың фрагменттері, ботайлықтардың тұрғын үйінің макеті орналасты.

Көрме 2 мамырға дейін жалғасады.

 

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"