
Қоныстарды мекендеушілерде қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды.
Ыдыстар шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Қыш ыдыстарға
салынған өрнектер негізінен алғанда үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, балық,
тарақ сияқты оюлар мен сызықшалардан тұрды.
Бүгін, 2023 жылғы 16 қазан күні «Ботай» музей-қорығында Саумалкөл №1 мектебінің 6 «А»,6 «Г», 6 «В», 6 «Б» сынып оқушыларына Ботай мәдениеті жайында экскурсия ұйымдастырылды.
2023 жылдың 14 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Степногорск қаласы Бестөбе кентінің №2 орта мектебінің 5-6сынып оқушыларына «Ботай» музей-қорығының экспозиция залымен Ботай қонысы бойынша экскурсия өткізді.
2023 жылдың 15 қазан күні «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Қытай мемлекетінің Шань-жян университетінен келген бір топ туристерге арнайы Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізді. Туристер Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан ескерткіш – Ботай археологиялық мәдениетімен танысып, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
Бүгін, 2023 жылдың 13 қазан күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Саумалкөл ауылының қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушылары келді. Оқушылар тарих пәніңде Ботай тақырыбынмен танысқан,енді сол уақыттың жәдігерлерін көз бен көру үшін, ботай мәдениеті жайлы толық ақпарат алу үшін музей-қорыққа келді.