foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай мәдениетінің қыш ыдыстары»

«Ботай» музей қорығында энеолит дәуірінің куәгері болып табылатын әртүрлі экспонаттар бар, олардың ішінде қыш ыдыстар үлкен қызығушылық тудырады.

Бүгін сіздердің назарларыңызға Ботай қонысынан табылған  қыш  ыдыс сынықтарынан реконструкцияланған (қайта құрылған) қыш ылыс  ұсынылған.. Ыдыстың түбі дөңгелек, өйткені түбі әрең байқалады, сондықтан бұйым тұрақсыз. Беті мұқият өңделген, кейбір керамикалық ыдыстардың бетінде әртүрлі ою-өрнектерді көруге болады , ою-өрнектің негізгі мотивтері толқынды және түзу сызықтар, тарақ, геометриялық фигуралар болды.

 Ыдыс ас үй ыдысының бір түрі, оның бетіндегі көп мөлшердегі күйелерден, оны отқа тамақ пісіру үшін қолданғандығы байқалады. Сонымен қатар сүт, қымыз сақтау үшін де қолданған.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"