
2023 жылдың 11 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкерлері үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді.
2023 жылдың 9 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері «Зейнеп» жоғарғы көпсалалы колледжінің 2 курс студенттерң үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізді.
2023 жылғы 5 қазанда сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының мәдениет үйінің ғимаратында «Ботай» музей-қорығы онлайн және офлайн форматтарда ""Қазақстандағы археологиялық зерттеулер: тарих, тенденциялар, проблемалар, перспективалар" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының 5 жылдығына орайластырылды.