foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

БҮГІНГІ БОТАЙ #2

«Ботай» музей-қорығында 5-жыл ішінде  келушілер үшін садақ ату, найза лақтыру, атпен жүру, тас дискілер жасау және ежелгі технологиялар бойынша керамикалық ыдыстар жасау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Керамика жер бетіндегі ең көне қолөнердің бірі болып саналады. Ол неолит дәуірінде пайда болды, оны археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған көптеген олжалар растайды: қолмен мүсінделген саздан жасалған мүсіндер, қарапайым ыдыс-аяқтар, су мен астықты сақтауға арналған ыдыстар.
Мұндай шеберлік сабағын өткізуді музей қызметкерлері кездейсоқ таңдаған жоқ. Музейде Ботай қонысындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі керамикалық ыдыстардың сынықтары сақталған.

Қыш ыдыстарды жасау шеберлік сабақтарынан оқушылар немесе қонақтар  өз қолдарымен авторлық заттар жасап, қыш шеберінің жұмыс принципімен, сондай-ақ, жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныса алады.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"