2023 жылдың 13 шілде күні Петропавл қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Айыртау ауданы, Никольское ауылының жанында орналасқан Ботай қонысына келді.
Қонақтарға "Ботай қонысы" ежелгі энеолит ескерткіші бойынша экскурсия жүргізіліп, ботай мәдениетімен, ботайлықтардың тұрғын үйлерімен таныстырды. Сондай-ақ қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалап, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.